Жаңалықтар

Елімізде тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны 2 мыңға дейін артады

Елімізде тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны 2 мыңға дейін артады
Фото: oir.mobi 27.01.2023 13:03 1067

Қазақстан бойынша тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны 2 мыңға дейін артады. Алқа отырысы барысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов алдағы жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, өткен жылы Kids Go free бағдарламасы бойынша 1500 бала ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алды.

«Биыл біз 2000 балаға тегін әуе қатынасын ұсыну үшін жұмыс істейтін боламыз. Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндіктер. Сонымен қатар, Kids Go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды», - деді Асхат Оралов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға