Жаңалықтар

Елімізде тағы үш ақылы жол пайда болуы мүмкін

Елімізде тағы үш ақылы жол пайда болуы мүмкін
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.06.2024 17:46 320

Қазақстанда тағы үш ақылы жол пайда болуы мүмкін. Көлік министрлігі бұл мәселені ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігі ақылы негізде Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын мына автомобиль жолдарын пайдалану туралы бұйрықтардың жобалары дайындалғанын хабарлайды:

Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға),

Қызылорда – Арал,

Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке).

Ведомство мәліметінше, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға