Қазгидромет 22, 23, 24 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Циклон және фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігіне ықпал етеді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
24 мамырда солтүстік антициклон ел аумағына ығыса бастайды. Жаңбыр әлі де жауатынына қарамастан, антициклон әсерінен ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Мұны, әсіресе, солтүстік аймақтардың тұрғындары сезеді.
Түнгі уақытта термометр бағандары 3-8 градус жылыға, ал күндізгі уақытта 10-15 градус жылыға дейін төмендейді, - деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұрлаған ақшасына көлік сатып алған ер адам ұсталды
Келесі жаңалық
Күлкі денсаулыққа оң әсер етеді: ғалымдар дәлелдеді