Жаңалықтар

Елімізде сұлулық салондарындағы қызмет бағасы 15,1% өскен

Елімізде сұлулық салондарындағы қызмет бағасы 15,1% өскен
Фото: © Pixabay.com 28.07.2023 00:18 461

Қазақстанның сұлулық индустриясы өткен жылы 89,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы косметологтар мен сұлулық салондары көрсеткен қызметтер көлемінің жалпы сомасы 89,9 млрд теңгені құрады.

Өткен жылы әйелдерге көрсетілген шаштараз қызметінің көлемі 28,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,1 есе көп. Ал ерлер шаштараздарының көрсеткен қызметтерінің жалпы сомасы 10,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,2 млрд теңгеге артық, - делінген мәліметте.

Маникюр мен педикюрді қоса алғанда көрсетілген косметикалық қызмет көлемі өткен жылы 22,2 млрд теңгені құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10,4 млрд теңге болған.

Сұлулық салондарындағы өзге де қызметтер көлемі 28,4 млрд теңгені құрады. (2021ж. – 11,2 млрд теңге).

Айта кетейік, 2023 жылдың маусымында шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет бағасы өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 15,1% өсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға