Жаңалықтар

Елімізде су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленеді

Елімізде су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленеді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі 11.01.2024 03:28 490

Еліміздің су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Онда еліміздегі су шаруашылығы нысандарының жай-күйі туралы барлық ақпарат жинақталады. Сондай-ақ, жүйе су ресурстарының тұтынушыға дейін бөлінуін және пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді.

Су ресурстарын цифрландыру өте маңызды. Бүгінгі таңда Қазақстанның бірнеше облысында ирригация желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта цифрландыру элементтерін жалпы ақпараттық жүйеге интеграциялау жоспарлануда,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға