Жаңалықтар

Елімізде сирек кездесетін аурулары бар пациенттер үшін орталық құрылмақ

Елімізде сирек кездесетін аурулары бар пациенттер үшін орталық құрылмақ
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 07.03.2024 07:40 368

Қазақстанда орфандық, яғни сирек кездесетін аурулары бар науқастар үшін орталық құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев және «University Medical Center» КҚ басқарма басшысы Юрий Пямен кездесу кезінде айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Аталған басқосу орфандық аурулары бар балаларға медициналық көмекті жетілдіру мәселелер көтерілді.  

Министрлік соңғы 3 жылдың ішінде денсаулық сақтау саласындағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен белсенді ынтымақтастықта болды. Орфандық, онкологиялық, онкогематологиялық аурулары бар азаматтарды қымбат дәрілік заттармен қамтамасыз ету, онкологиялық қызметті, балалар нейрохирургиялық қызметін, трансплантаттауды, инфрақұрылымды және оңалту орталықтарын дамыту және т. б. бойынша 12 жоба мен бағдарламаны бірлесіп іске асыруда делінген ведомство мәліметінде.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басшысына өмірлік маңызды жобаларды іске асыруға көмектескені үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Ол Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығымен және «Ақсай» университеттік балалар клиникасымен бірлесіп, «University Medical Center»КҚ базасында орфандық аурулары бар балаларды емдеуге бірыңғай кешенді тәсілді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстанда қымбат тұратын медициналық қызметтер мен науқастардың осы санаты үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін орфандық орталық құру туралы шешім қабылданды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға