Елімізде Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челлендж өтті

Елімізде Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челлендж өтті
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

15 тамыз – қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай Астана тұрғындары композитордың шығармашылық мұрасына арналған ауқымды музыкалық челленджге қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Музыкалық эстафетаны мәдениет, білім және жастар саласының өкілдері, шығармашылық ұжымдар, балалар, зиялы қауым өкілдері, елорданың белсенді тұрғындары мен аға буын өкілдері қолдады.

Челленджге қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтың көпшілікке танымал әндерін шырқап, бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жариялап, музыкалық эстафетаны бір-біріне жолдап жатыр.

Музыкалық челлендж әр буын мен түрлі сала өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, композитордың тыңдарман жүрегінен орын алған әндері мен әуендеріне қайта назар аударуға мүмкіндік берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝓚𝓾𝓪𝓷𝔂𝓼𝓱 𝓜𝓾𝓱𝓪𝓽𝓪𝓲 (@quanysh_show13)

 

Музыкалық эстафета жалғасып жатыр. Оған кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Шәмші Қалдаяқовтың сүйікті шығармасын орындап, бейнежазбасын әлеуметтік желіде жариялап, эстафетаны достарына, әріптестеріне және жақындарына жолдау жеткілікті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝓚𝓾𝓪𝓷𝔂𝓼𝓱 𝓜𝓾𝓱𝓪𝓽𝓪𝓲 (@quanysh_show13)

Мұндай дәстүрлі іс-шара Ұлытау облысында жалғасын тапты. Өңірдегі өнер иелері жанды дауысты сазгер шығармаларын орындап, бейнежазба арқылы өзге әріптестеріне челлендж жолдап жатты. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Karsakbai Madeniet Uii (@karsakbai_madeniet_uii)

Оқи отырыңыз