Жаңалықтар

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 46,5%-ға өсті

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 46,5%-ға өсті
Фото: © Pixabay.com 10.11.2023 10:45 2240

Соңғы бес жылда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 46,5%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Сенат депутаты Ләззат Рысбекова айтты.

Мұндай өсім, ең алдымен, жеке кәсіпкерлердің бір жарым есе өсуі есебінен болды. Ал орта бизнес субъектілерінің саны тек 11,6%-ға өсті. Қазіргі уақытта 0,2% орта кәсіпкерлікке, ал қалған 99,8%-ы шағын кәсіпкерлікке жатады. Бұл ретте 2022 жылғы деректерге сәйкес, ШОБ-тың ең үлкен үлесі немесе 35%-ы сауда саласындағы қызметті жүзеге асырады. ШОБ субъектілері шығарған өнім көлемі бес жылдық кезеңде екі еседен астам өсті. Бұл сала 4 миллионнан астам адамды, яғни әрбір екінші (43,6%) экономикалық белсенді қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етеді. 2018 жылмен салыстырғанда 28%-дан 36,4%-ға дейін ұлғайды, - деді сенатор.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға