Жаңалықтар

Елімізде рекрутинг агенттіктерінің қызмет көлемі 7% өсті

Елімізде рекрутинг агенттіктерінің қызмет көлемі 7% өсті
Фото: El.kz 29.05.2023 21:32 435

2023 жылғы қаңтар-наурызда халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілген қызмет көлемі 123,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көлемі 7% өсті. Оның ішінде 1,2 млрд теңгенің қызметін немесе барлық көлемнің 1% жеке кәсіпкерлер, қалғанын кәсіпорындар көрсеткен. Жалпы кадрлық қызметтердің 4,2%, яғни 5,2 млрд тг ауылдық жерлерде көрсетілген.

Қызметтердің басым бөлігі Атырау (91,8 млрд тг), Маңғыстау (6,3 млрд тг) және Батыс Қазақстан облыстарында (5,1 млрд тг) көрсетілген. Қызметтердің ең аз көлемі Солтүстік Қазақстан облысында – 58,9 мың тг.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға