Жаңалықтар

Елімізде құмар ойындар бойынша көрсетілетін қызмет 8 есе өскен

Отандастарымыз құмар ойынына құмартып, компанияларға миллиардтаған табыс әкелуде
Елімізде құмар ойындар бойынша көрсетілетін қызмет 8 есе өскен
Фото: pexels.com 13.01.2023 11:00 2111

2022 жылы қазақстандықтарға құмар ойындарында қызмет көрсету 8,5 есе көбейді.  Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айында ұйымдастырушы компанияларға түскен табыс – 456,2 миллиард теңгені құраған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елімізде құмар ойындар бойынша көрсетілетін қызмет 8 есе өскен

Шетелдік компанияларға да 2021 жылмен салыстырғанда 4,5 есе көп табыс түскен. Жалпы суммасы – 162,9 млрд теңгені құрады.

Құмар ойындарды ұйымдастыру қызмет көрсетуші салалардың арасында алдыңғы орында. Нақытарақ айтқанда, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардан, сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызметтерден, сондай-ақ компьютерлік бағдарламалау мен консультациялық қызметтерден кейін екінші орында.

Еске салсақ, 2021 жылы 300-ден аса мемлекеттік қызметкерлердің де казиноға миллиондаған қаржы құйған деген ақпарат тараған. Бұл факт Алматы облысында тіркелген болатын. Тексеріс нәтижелері бойынша қызметкерлер құмар ойындарына 507 миллион теңге жұмсағаны анықталды. Қызметкерлердің қатарында 88 полиция өкілдері де бар. 

P/s: Былтырғы жылы құмар ойындарына қатысты қылмыстық фактілер де аз тіркелмеді. Жаңа Қазақстан шеңберінде жаңа заңнамалық негіздер қарастырылуы қажет. Экономиканың жағдайына кері әсерін тигізетіні анық. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға