Жаңалықтар

Елімізде қазақтың саны 14 миллионнан асты

Елімізде қазақтың саны 14 миллионнан асты
Фото: Астана қаласы әкімдігі 23.04.2024 00:28 314

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде қазақтың саны 14 миллионнан асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандағы қазақтардың жалпы саны алғаш рет 14 миллион адамнан асып, 2024 жылдың басына қарай 14 миллион 220 мың адамға жетті, — делінген хабарламада.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары республикадағы қазақтардың үлесі 39,7% болған. Қазір 70,98%-ға дейін өсті.

Бюро мәліметіне қарағанда, елдегі басқа ірі этностар – орыстар (2,98 млн), өзбектер (660,6 мың), украиндықтар (375,9 мың), ұйғырлар (301,6 мың). 

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша елімізде 20 075 271 адам тұратыны белгілі болған еді.  Халықтың жалпы өсімі – 41 725.

Халық санының ең жоғары өсімі Астана қаласында тіркелді – 14 561 адам. Елордадан кейінгі орында Алматы қаласы тұр, онда өсім 12 529. Шымкентте халық саны 7 355 адамға өсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға