Шілде айында Қазақстан бойынша қаймақтың орташа бағасы келісіне 1912 теңгені құрады. Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда сүт өнімі 22,4% қымбаттаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес, қаймақ Алматы қаласының тұрғындарына қымбатқа түседі, онда бұл өнімнің орташа бағасы 2350 тг мөлшерінде. Бұл өнімнің қымбаттығы бойынша екінші орында Атырау – 2079 тг. Одан әрі Өскемен – 2068 тг. Ақтөбе мен Қызылордада қаймақтың бір келісі үшін орта есеппен 2058 теңге жұмсау керек. Ең арзан қаймақ Көкшетау қаласында – 1270 тг.
2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 21 мың тонна қаймақ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 мың тоннаға артық.
Елімізде қаймақ бағасы күрт қымбаттады
Оқи отырыңыз
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?