Жаңалықтар

Елімізде қанша шетелдік легионер бар?

Елімізде қанша шетелдік легионер бар?
Фото: t.me/KZgovernment 14.05.2024 12:30 669

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз брифингінде туризм және спорт минстрі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ өкілдері: «Қазақстанда қанша спорт түрінен неше легионер бар? Олар қай мемлекеттерден келді? Жалақысы қанша?» деп сұрады.

Аталмыш сауалға қатысты министр былай деп жауап берді:

Мұндай алгоритм әлемде бар. Әрине, үйрену, тәжірибемен бөлісу керек. Біз Мәжілісте легионерлер туралы заңды талқылап жатырмыз. Бұл мәселе осы үш айдың ішінде шешіледі. 2018 жылы елімізде 600-ден астам легионер болса, қазір 200-ден астамы бар. Жалақыларының қанша екенін айта алмаймын, – деп Маржықпаев қысқа қайырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға