Жаңалықтар

Елімізде қанша әйел зиянды жерде жұмыс істеп жүр?

Елімізде қанша әйел зиянды жерде жұмыс істеп жүр?
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 12.04.2024 10:46 297

Қазақстанда қанша әйелдің зиянды әрі қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтіні айтылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жұмыс істейтін әйелдердің еңбегін қорғау тақырыбына арналған форум барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин айтты.

2023 жылы 249 жұмысшы зардап шекті, оның 9-ы - нәзік жандылар. 673 мың әйел зиянды әрі қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс жасайды. Оның 88 мыңы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайда қызмет атқарады, - деп нақтылады федерация төрағасы.

Оның айтуынша, 23 мың әйел шуы мен дірілі басым жерде, ал 17 мыңы шаң мен газға көміліп еңбек етеді.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы тарапынан үкіметке лайықты еңбектің ұлттық бағдарламасын әзірлеуге білек сыбана кірісу, сондай-ақ 2025 жылды «Гендерлік теңдік жылы» деп жариялау ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға