Жаңалықтар

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?
Фото: El.kz 06.12.2022 13:50 4167

Еліміздегі Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, биылғы қаңтар-қыркүйек айларында тауар айналымы 98,4 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,9 пайызға жоғарылаған (72,9 млрд. АҚШ доллар).

Қазақстанның негізгі сауда серіктестері – Ресей, Қытай, Италия, Оңтүстік Корея, Түркия, Өзбекстан, Германия, АҚШ, Нидерланды, Франция, Үндістан, Испания, Румыния, Сингапур, Ұлыбритания мемлекеті. Еліміздегі 2022 жылғы экспорт 63,8 млрд долларды құраса, импорт 34,6 млрд долларға жеткен.   

Экпортталатын өнімдердің басым көпшілігі минералды өнімдер.

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Импортталатын өнімдердің алдыңғы қатарында көліктер мен көлік құралдары тұр.

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Елімізде экпортталатын және импортталатын тауарлардың ішінде азық-түлік пен тұрмыстық заттар адамның өміріне ауадай қажет. Күнделікті жағдайда тұрғындар қажет тауарларын дүкенге барып, алып жатады. Алайда сол дүкендердің сөрелерінде отандық өнімдер басымырақ па, әлде шетелдік өнімдер алдыңғы қатарда орналасқан ба? Бүгінде қай жақтың тауарлары сұранысқа ие болып отыр? Бұл сұрақтың жауабын білу үшін Астана қаласындағы бірқатар дүкенді аралап, өз көзімізбен көріп қайттық.

Ең алдымен елордадағы ірі супермаркет орталықтарының біріне бардық. Ішіне кірген бетте Ресейдің өнімдері бірден көзге түседі.

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Ресейден келген кір жуатын ұнтақтар үлкен сөреде тізіліп тұр екен.

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Ал екінші қатарында Швейцариядан тасымалданатын шоколадтар орналасқан.

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Одан бөлек шетелден келетін сұранысқа ие тәттілер де бірқатарға жиылған.

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Отандық шоколадтардан алдыңғы қатарға жаңа жылда берілетін тәттілерді қойған. 

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Дүкенде аралып шығып, өзіміздің мемлекеттен өндірелетін тауарлар санының шетелдік өнімдермен салыстырған анағұрлым аз екенін байқадық. 

Тауарлардың сөрелерге қойылу реттілігі жайлы білу үшін ет өндірумен айналысатын фирманың мерчендайзеры Индира Маликпен тілдестік. Ол дүкендердегі тауарлардың орналасу реттілігі өнімін өткізетін фирманың таңдаған орнына байланысты екенін айтып жеткізді. 

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

«Біз Орал қаласынан ет өнімдерін әкеліп, сөрелерге өзіміз қойып шығамыз. Себебі дүкенге келген әр фирманың тауарын өзінің мерчендайзерлері орналастырады. Оларды планограмма арқылы реттестіреміз», – деді. 

Ірі супермаркетті бақылап шыққаннан кейін қаладағы бір дүкенге барып қайттық. Мұндағы дүкен иесі де тауарлардың басым көпшілігі өзге мемлекеттен жеткізілетінін айтты.

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

«Тауарларымның 30-40 пайызы отандық, қалғаны басқа елден келетін өнімдер. Өйткені халықта шетелдің өнімдеріне деген сұраныс жоғары болғандықтан, сәйкесінше сол заттарға тапсырыс беретемін. Ал оларды дүкендегі сөрелерге қою реттілігіне келер болсам, өтімді, жеңіл азық-түліктерді көзге көрінерліктей жерге қоюға тырысамын», – деді дүкен иесі Бағдат Айтөре.

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Бағдат Айтөре айтып кеткендей суреттен дүкендегі тауарлардың басым көпшілігі шетелдік тауарлар екені байқалады. 

Отандық өнімдердің халық арасында қаншалықты сұранысқа ие екенін білу үшін де пікірлерін сұрап білдік.

Астаналық тұрғын Гүлсина Қайсанова еліміздегі отандық өнімдердің саны аз болса да өзімізден шыққан тауарларды алып тұруға тырысатынын айтты. 

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

«Қазіргі таңда Қазақстандағы тауарлардың басым бөлігі шетелден тасымалданады ғой. Өнімі аз болғандықтан, таңдау да аса көп бола бермейді. Десе де өзім отандық өнімді көбірек алып, үнемі біздің тауарларды қолдап жүретін елімнің патриотымын. Егер қазақстандық өнімдердің саны көбейсе, тек өзімізден шығарылатын тауарларды тұтынушы едім», – деді астаналық тұрғын Гульсина Кайсанова.

Ал қалалық тұрғын Сейітбек Айқынбаев тауарлардың басым көпшілігі шетелден келіп, анағұрлым үстеме бағамен сатылып жатыр дейді. 

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

«Еліміздегі отандық өнім саны өте аз. Ал шетелден келетін тауарлардың бағасы өзіндік құнынан бірнеше есе қымбат бағамен сатылады. Егер маған мемлекеттен жер берілетін болса, көкөністердің тұқымын өзім-ақ егіп өсіретін едім», – деді Сейітбек Айқынбаев.

Екі дүкенді аралағаннан кейін астаналық ірі супермаркеттің тағы біріне бардық. 

Бұл дүкеннің де алдыңғы сөрелерінде Ресейдің өнімдері тұрағанын көрдік. 

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Дүкенде шетелден тасымалданатын шай қораптары көбірек орналасқанын байқадық. 

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Алдыңғы сөреде тұрған отандық өнімдердің бірі сусындар болды. 

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Шетелден тасымалданбай, елімізден шығатын өнімдердің бірі - ет. Дүкеннің сатушысы еттің барлығы өзімізден шығады деп айтты. 

Елімізде Отандық өнімдерге деген сұраныс қандай?

Осылайша Астана қаласының дүкендерін аралай келе, шетелдік өнімдердің басым екеніне көз жеткіздік. Әсіресе Ресейдің өнімдері дүкеннің алдыңғы сөрелерінде орналасқан екен. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға