Жаңалықтар

Елімізде орташа ең жоғары айлық табыс көлемі анықталды

Елімізде орташа ең жоғары айлық табыс көлемі анықталды
08.05.2023 11:15 1567

Еліміздің Ұлттық статистика бюросы түрлі бағыттағы мамандықтар бойынша орташа еңбекақы мөлшерін жарияады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстарда ең жоғары орташа табыс тау-кен өндірісінде еңбек ететін отандастарымызға тиесілі. Олардың айлық табысы — 766 555 теңге шамасында.

Орташа жалақы ең жоғары салалар:

Тау-кен өндіру — 766 555 теңге;

Қаржы және сақтандыру — 602 114 теңге;

Ақпарат және байланыс– 541 218 теңге;

Өнеркәсіп — 474 938 теңге;

Құрылыс — 472 084 теңге.

Орташа жалақы ең төмен салалар:

Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну — 249 425 теңге;

Жылжымайтын мүлікпен операциялар — 234 366 теңге;

Өнер, ойын-сауық және демалыс — 203 031 теңге;

Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу — 201 884 теңге;

Ауыл, орман және балық шаруашылығы — 179 388 теңге.

Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер:

Атырау облысы — 618 420 теңге;

Маңғыстау облысы — 509 818 теңге;

Ұлытау облысы — 450 889 теңге;

Астана қаласы — 432 197 теңге;

Алматы қаласы — 390 322 теңге.

Орташа айлық жалақы төмен өңірлер:

Солтүстік Қазақстан облысы — 241 102 теңге;

Жетісу облысы — 246 203;

Шымкент қаласы — 254 202 теңге;

Жамбыл облысы — 254 646;

Түркістан облысы — 257 874

2023 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық табыс 340 636 теңге шамасында болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға