Жаңалықтар

Елімізде мектеп оқушылары неше күн демалады

Елімізде мектеп оқушылары неше күн демалады
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 22.12.2023 09:29 780

Елімізде мектеп оқушылары қысқы каникулда он күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мектеп оқушыларының екінші тоқсаны бейсенбі, яғни 28 желтоқсанда аяқталады. Қысқы демалыс 2023 жылғы 29 желтоқсанында басталады.

Ал бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыстар 2024 жылдың ақпанында беріледі. Мұндай демалыс күндері жыл сайын болып тұрады. Биыл олар 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанына дейін (қоса алғанда) 7 күнге созылады.

Көктемгі демалыс (11 күн) 21 наурызда басталып, 2024 жылдың 31 наурызына дейін (қоса алғанда) жалғасады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға