Жаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 жағдай тіркелді. 
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді
Фото: aa.com.tr 05.10.2022 08:36 974

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 4 қазандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметті таратты, деп хабарлайды El.kz.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 жағдай тіркелді. Кеше бұл вирусты 29 адам жұқтырған еді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 393 779 жетті.

Оның ішінде, Астана қаласында - 9, Алматы қаласында - 8, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 12, Алматы облысында - 2, Жетісу облысында - 1, Атырау облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды облысында - 6, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 6, Павлодар облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 5 адамнан табылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға