Жаңалықтар

Елімізде коммуналдық желілердің 51 пайызы тозған

Елімізде коммуналдық желілердің 51 пайызы тозған
Фото: t.me/KZgovernment 12.07.2023 11:40 644

Республика бойынша 128 мың шақырымға жуық жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері бар. Олардың 51 пайызы тозып кеткен. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы коммуналдық желілердің басым көпшілігі тозып кеткен.

Биыл 126 шақырым жылу желілерін жаңартуға 86 млрд 300 млн теңге бөлінді. Үш айдың ішінде 23 шақырым жылумен жабдықтау желілері салынды, бұл жалпы жоспардың 18 пайызын құрайды, - деді министр.

Оқи отырыңыз:

Сумен жабдықтау желілері 7 өңірде, ал су бұру желілері 6 өңірде тозған.
Осыған байланысты министр биыл тозу деңгейін 40 пайызға дейін төмендету жоспары барын айтты.

Жыл соңына қарай орталықтандырылған сумен жабдықтау 120 ауылға және 4 қалаға 100% (оның ішінде ағымдағы жылы 4 қала – Шымкент, Талғар, Өскемен, Шемонайха) қолжетімділікпен қамтамасыз етілетін болады, - деді министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға