Жаңалықтар

Елімізде көмірді ашық сатудың механизмі енгізілмек

Елімізде көмірді ашық сатудың механизмі енгізілмек
Фото: Pixabay.com 21.04.2023 09:28 1007

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту шаралары қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жиында қыс мезгілінде халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі де сөз болды.

Премьер-министр өткен жылыту маусымындағы тәжірибені ескере отырып, цифрлық шешімдерді пайдалану арқылы отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу қажеттігін айтты.

Бұл тәсіл сауда-саттықты реттеуге, көмірді тұтынушылар арасында біркелкі бөлуді қамтамасыз етуге және сұраныс артқан кезеңде бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермейді, - деді ол. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға