Жаңалықтар

Елімізде кәріз-тазарту құрылғылары салынатын қалалар анықталды

Елімізде кәріз-тазарту құрылғылары салынатын қалалар анықталды
Фото: freepik.com 02.11.2023 06:29 498

Қазақстанның 7 қаласында кәріз-тазарту құрылғыларын салу және реконструкциялау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы мақсаттарға биыл республикалық бюджеттен 14,7 млрд теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда 7 қалада, атап айтқанда, Сарыағаш, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Форт-Шевченко, Ленгер, Шымкент қалаларында КТҚ құрылысы мен реконструкциясы басталды, - делінген мәліметте.

Айта кетерлігі, 2023-2028 жылдар аралығында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жұмыстарын 69 қалада түрлі қаржыландыру көздері есебінен жүргізу жоспарланған.

Қазір еліміз бойынша 89 қаланың 27-сінде кәріз-тазарту құрылғылары жоқ, 42 қалада тозу деңгейі 60%-дан асады.

Республиканың елді мекендерін қазіргі заманғы су бұру жүйелерімен тиімді қамтамасыз ету, экологиялық проблемаларды шешу мақсатында жобаларды іске асырудың түрлі тетіктерімен, оның ішінде бюджеттік қаржыландыру, ұлттық даму институттары арқылы облигациялық қарыздар, Мемлекеттік кепілдік беру мүмкіндігімен халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тарту, сондай-ақ мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік арқылы кәріз тазарту құрылыстарын салу мен реконструкциялауды іске асыру ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға