Жаңалықтар

Елімізде халықаралық банктерді әкелу керек - Жигули Дайрабаев

Елімізде халықаралық банктерді әкелу керек - Жигули Дайрабаев
Фото: t.me/mazhilis_kz 04.10.2023 13:19 501

Қазақстанға несие сыйақысы 1-1,5 пайыздан аспайтын халықаралық банктерді әкелетін кез келді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев ҚР премьер-министрі Алихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалда айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеше Президентіміз өз Жолдауында экономиканың нақты секторларын қаржымен ұзақ мерзімге қамтамасыз ету және ол кәсіпкерлерге қолжетімді болуы үшін бірлескен әрі синдикатталған несиелеу тетіктерін белсенді қолдану туралы және банктердің тым көп пайда табатынын бекер атап кеткен жоқ! Шынында да несие сыйақысы 1-1,5 пайыздан аспайтын халықаралық банктерді Қазақстанға әкелетін кез келді, - деді Ж.Дайрабаев

Оның айтуынша, елімізге шақырылатын 3 халықаралық қаржы мекемелерінің бірі Аграрлық бағытта болуы керек 

Осы орайда, елімізге шақырылатын 3 халықаралық қаржы мекемелерінің бірі Аграрлық бағытта болуы керек деп есептейміз. Бұл қаржы нарығындағы бәсекелестікті арттырады және еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін күшейтуге, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмысын жақсартуға мүмкіндік беретін шаралардың бірі. Мысалы, халықаралық тәжірбиеге сүйенсек Францияда «Кредит Агрикой», Беларуста «Белагропромбанк», Ресейде «Россельхозбанк», Қытайда «Агрокультура Банк оф Чайна», Өзбекістанда «Агробанк» және басқада елдерде салалық аграрлық банк жұмыс істейді, - деп атап өтті мәжіліс депутаты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға