Жаңалықтар

Елімізде еріктілер қызметінің аясы кеңейіп келеді – Нұртөре Жүсіп

Елімізде еріктілер қызметінің аясы кеңейіп келеді – Нұртөре Жүсіп
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.06.2023 11:52 844

Елордада өтіп жатқан Халықаралық еріктілер форумына алыс-жақын шет елден бірқатар сарапшы мен волонтер келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп форумның алғашқы сессиясында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда 2020 жылы «Волонтерлер жылы» деп жарияланды. Мұндай қадам елімізге артылған бағыттың кең қанат жаюына тың серпін береді. Нәтижесінде жаңа жобалар қолға алынып, сәтті іске асырыла бастады. Бүгінгі форум да соның бір нақты нәтижесі деп айтуға болады. Әрі қарай даму үшін еріктілердің қызметі зор, – деді ол.

Сондай-ақ депутат пандемия кезінде әлем халқы волонтерлік қызметтің қандай жауапты екеніне көз жеткізгенін атап өтті.

Дәрігерлерге, тәртіп сақшыларына, мұқтаж отбасыларға көмектесті. Індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрді деп айтуға болады. Уақыт өткен сайын елімізде еріктілер қызметінің аясы кеңейіп келеді. Былтыр елімізде өткен әлемдік дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-съезінде де волонтерлер үлкен қызмет көрсеткенін білеміз. Сол ауқымды іс-шараға 500-ден астам ерікті қатысып, жаһандық деңгейдегі жиынның жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты, – дейді сенатор Нұртөре Жүсіп.

Қазақстандағы ЮНФПА өкілі және Түрікменстан мен Қырғызстан бойынша өкілдік директоры Ронни Линдсторм еріктілер әртүрлі қоғамдық өмірге араласатынын атап өтті.

Сіздерге Wi-Fi туралы айтқым келіп отыр. Бұл жастар желісі. ЮНФПА-да қолдауға ие. Бүкіл әлемде, яғни теңбе-тең қағидаты бойынша оқыту олардың жұмысының жүрегі болып табылады. 1999 жылы құрылғаннан бері өте бір қарқынды түрде өсті. Әлемнің түкпір-түкпірінде 500-ден астам ұйым мен мыңдаған жасты қамтиды. Қазақстанда бүкіл ел бойынша 12 Wi-Fi орталығы бар. Негізгі миссиясы жастар көшбасшылығын дамыту және және гендерлік теңдік сынды көптеген маңызды тақырыпты қамтиды, – деді Ронни Линдсторм.

Бұдан өзге ол Wi-Fi еріктілері өз-өздерін дамыта отырып, өзгерістерді жасауға ықпал етеді. Әртүрлі кедергіні жеңе отырып, болашаққа жол ашып, әлемнің түкпірінен хабар тарататынын тілге тиек етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға