Жаңалықтар

Елімізде энергия үнемдеу саласы дамиды

Энергия тиімділігін арттыру тұжырымдамасы әзірленеді
Елімізде энергия үнемдеу саласы дамиды
Фото: egemen.kz 03.03.2023 03:15 546

Елімізде энергия үнемдеу саласын дамыту мен энергия тиімділігін арттыру тұжырымдамасы әзірленеді, деп хабарлайды El.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомсто Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтымен бірлесіп, 2023-2030 жылдарға арналған Энергия үнемдеу саласын дамыту және энергия тиімділігін арттыру тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының энергия үнемдеу саясатын өзгерту мен экономика салаларындағы энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында қолға алынған.

Тұжырымдаманы дайындаудағы негізгі мақсат: экономиканың бюджет секторы, энергетика, өнеркәсіп, көлік саларында энергияны тиімсіз пайдалануды төмендету және бұл бағытта халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынды басым секторларында энергияны тұтыну мен отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануды азайту. Сол арқылы Қазақстанның ІЖӨ-де қуат көздерінің сыйымдылығын төмендетіп, энергия тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау.

Аталған құжатты әзірлеуге Германияның GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы, Еуроодақтың «SECCA Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы тұрақты энергетикалық өзара байланысты қамтамасыз етуді қолдау» бағдарламасы, сондай-ақ БҰҰ-ның Даму бағдарламасы мен Жапонияның JICA агенттігі тартылған.

Аталған тұжырымдаманы іске асыру өнеркәсіптің басым секторларында өндіріс процесіндегі энергия ресурстарының шығынын азайтып, бюджеттік сектор мен ТКШ-да қуат көздерін тұтынуды үнемдеуге жол ашады. Осы арқылы өнеркәсіп орындарында өнім өндірудің тиімділігі мен кіріс көлемі артып, тұтастай алғанда экологиялық жағдай жақсарады деп көзделіп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға