Жаңалықтар

Елімізде эко-бақылау акциясына 3 мыңға жуық адам қатысты

Елімізде эко-бақылау акциясына 3 мыңға жуық адам қатысты
Фото: t.me/madenietaqparat 16.09.2024 12:35 294

Қоғамдық эко-бақылау республикалық акциясы аясында Қазақстанда 300-ден астам іс-шара өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында қоғамдық эко-бақылау бойынша республикалық акция жүргізілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегінше, акция аясында республика бойынша барлығы 3 мыңға жуық адамның қатысуымен 300-ден астам нысан эко-мониторингпен қамтылды.

Жобаның мақсаты – жұртшылықты табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға, проблемалық мәселелерді анықтап, азаматтық қоғамды белсенді тарта отырып шешу. Сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуға және жалпы әл-ауқатқа үлес қосуға дайын күшті, ұйымшыл және жауапты қоғам құруға ықпал етуге бағытталған, - делінген мәліметте.

Акция 4 тақырыптық апта шеңберінде өткізілді:

Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы (15-22 тамыз);

Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы (23-30 тамыз);

Стихиялық полигондардың эко-мониторингі апталығы (31 тамыз - 7 қыркүйек);

Жер қойнауын пайдалану объектілерінің эко-мониторингі апталығы (8-15 қыркүйек).

Акцияға Қоғамдық кеңес мүшелері, 600-ден астам экологиялық және қоғамдық ұйымдар, эко-блогерлер, эко-еріктілер, БАҚ өкілдері қатысты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға