Жаңалықтар

Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс - Тоқаев

Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді
Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс - Тоқаев
Фото: Ақорда 01.09.2022 11:44 2954

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды El.kz

«Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ, жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды. Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға