Жаңалықтар

Елімізде докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Елімізде докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды
Фото: © El.kz 13.07.2023 08:28 726

Testcenter.kz сайтында 12 шілдеден бастап 3 тамызға дейін докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылданады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өтініш беру кезінде тек тестілеу орнын (қаласын) таңдау керек.

Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда докторантураға құжат тапсырушының жеке кабинетінің "Менің іс-әрекетім" бөлімінде ұсынылады.

Айта кетейік, өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

Тестілеуге қатысу құны – 21 072 теңге.

TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеу өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 4 тамызда талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны - 14 162 теңге.

Былтырдан бастап түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.

Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл – 75.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға