©Pixabay.com

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады

13.06.2025 11:28 1246

«Қазгидромет» мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан жаңа циклон жылжи бастайды, онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер жауын-шашын мен найзағай алып келеді. 15-16 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді.

Ал елдің оңтүстік жартысы Иран аумағынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады.