Жаңалықтар

Елімізде бірнеше өңірде ауа сапасы нашарлайды

Елімізде бірнеше өңірде ауа сапасы нашарлайды
Фото: © El.kz 01.08.2023 09:19 829

«Қазгидромет» 1 тамыз күні Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сейсенбі күні Алматы, Астана және Атырау қалаларында ауаның ластануы күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға