Елімізде бірнеше облыста ауа райына байланысты жол жабылды

 © Kandinsky
Фото: © Kandinsky

3 ақпан күні кешкі сағат 20:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) жабылды. 

Сонымен бірге, Павлодар облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) уақытша шектеу қойылды. 

Оқи отырыңыз