Жаңалықтар

Елімізде бір апта ішінде 2705 қылмыс тіркелген

Елімізде бір апта ішінде 2705 қылмыс тіркелген
Фото: Polisia.kz 03.04.2023 11:44 1043

Бір апта ішінде жасалған 2705 қылмыстың 1620-сы тәулік ішінде ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз брифингінде айтылды.

Министрліктің мәлімдеуінше, полиция қызметкерлері ізін суытпай 1 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соғып, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді ашқан.

Сонымен қатар 1 қарақшылық, 29 тонау және 391 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстары анықталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға