Жаңалықтар

Елімізде бензин мен дизельдің шекті бағасы белгіленеді

Елімізде бензин мен дизельдің шекті бағасы белгіленеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 15.02.2024 11:00 1027

Қазақстанда бензин мен дизельдің шекті бағасын қою жоспарланып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің «Ашық НҚА» порталында бұйрық жобасы жарияланды. Онда бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен белгілеу ұсынылады.  Атап айтар болсақ,

- Аи-80 маркалы бензин – 1 литріне 89 теңге;

- Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литріне 205 теңге;

- дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литріне 295 теңге.

Ол 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға