Жаңалықтар

Елімізде әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлене ме - министр жауап берді

Елімізде әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлене ме - министр жауап берді
Фото: pixabay.com 01.11.2024 17:31 936

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжіліс депутаты Гаухар Танашеваның балалар жәрдемақысы ретінде әр балаға 70 мың теңге төлеу туралы ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жакқыпованың айтуынша, министрлікте белгілі бір бюджет қаражатын қажет ететін өзгерістер пакеті дайындалуда.

Біз тек бюджетті белгілі деңгейде оңтайландырып қана, бұл тақырыпқа келе аламыз. Егер мұндай шешім қабылданса, салық төлеушілер үшін үлкен ауыртпалық болады, - деді министр.

Светлана Жақыпова хабарлағандай, бүгінде бюджет (әлеуметтік қажеттіліктерге арналған) шамамен 6 триллион теңгені құрайды, бұл республикалық бюджеттің 38 пайызы.

Шарттарсыз қосымша төлемдерді енгізу кезінде кемінде тағы 3 триллион теңге қажет болады. Бұл салықты көтеру керек дегенді білдіреді, - деп қорытындылады шенеунік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға