Жаңалықтар

Елімізде АҚШ-тың сауда министрлігінің сайты бұғатталды

Елімізде АҚШ-тың сауда министрлігінің сайты бұғатталды
Фото: © Pixabay.com 03.09.2023 16:58 739
Фишингпен күрес аясында Қазақстанда АҚШ-тың сауда министрлігінің сайты бұғатталғаны белгілі болды, Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Жаңадан құрылған министрліктің мәліметінше, республиканың ақпараттық алаңына тұрақты түрде мониторинг жүргізілетін болады. Аталған шара шеңберінде фишингтік интернет-ресурстар анықталып, оларға қатысты "Байланыс туралы" заңның 41-1-бабында белгіленген тәртіппен қол жеткізуді шектеу шаралары жүзеге асырылмақ.
 
2023 жылдың 26 сәуірде 21 фишингтік ресурс, соның ішінде bis.doc.gov сайты бойынша қолжетімділікті шектеу туралы тиісті ескерту дайындалып, орындауға жолданған болатын.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі Қазақстанның Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескені сайттың бұғатталуына себеп болды деген мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді, - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Мәдениет және ақпарат министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп bis.doc.gov интернет-ресурсының қызметіндегі заңбұзушылықтарға қосымша тексеру жүргізуді жоспарлап отырғанын атады.
Егер заңбұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілген интернет-ресурсты бұғаттауды жою бойынша шаралар қабылдануы мүмкін, - деп жазылған хабарламада. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға