Жаңалықтар

Елімізде апаттық жағдайда тұрған түрмелер көп – депутат

Елімізде апаттық жағдайда тұрған түрмелер көп – депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 31.01.2024 13:02 667

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан тұтқындалған және сотталған, яғни арнайы контингентке арналған мекемелер мен тергеу изоляторлары, түрмелердің жағдайын сөз етті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің депутаттық сауалында пенитенциярлық жүйенің неге назардан тыс қалып жатқанын сұрады.

Қазақстанда ҚАЖ (УИС) қарасты 1500-дей ғимарат болса, соның 60%-ның жағдайы қанағаттанарлықсыз, ал 20% – апаттық жағдайда.  Тәуелсіздік алғалы еліміз бойынша жаза өтейтін бірде-бір жаңа мекеме салынбаған, тергеу изоляторына келетін болсақ, Алматы қаласында ғана бір ғимарат 2012 жылы пайдалануға берілді, - деді ол.

Депутат жаза өтейтін мекемелер негізінен жүздеген сотталған бірге жататын барак типті болып келеді, ол өз кезегінде түрмелік субмәдениет пен теріс діни ағымдардың кеңінен таралуына жағдай тудыратынын алаңдаулы.

2021 жылы Маңғыстау облысындағы қатаң режимдегі колония құлап, үш адам үйінді астында қалып өлді, былтырғы жылы Оралдағы тергеу изоляторында ерлердің қабырғаны тесіп әйелдер жағына өтіп жүргені туралы видео бүкіл әлеуметтік желіге тарады, өйткені ғимарат өте ескі, Екатерина II-нің  тапсырмасымен салынып, 19 ғасырда пайдалануға берілген, содан бері түрме қызметін үзіліссіз атқарып келеді, қазіргі таңда апаттық жағдайда, бірақ түрмелердің ең ескісі ол емес, Өскемен қаласындағы тергеу изоляторы 18 ғасырдан бері қолданыста. Асылы бұлар түрме емес, әлдеқашан музей қызметін атқаратын ғимараттар, - деп атап өтті.

Депутат қылмыстық атқару жүйесіне қарасты нысандардың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға Үкімет деңгейінде көңіл бөлуін сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға