459.92
505.77
6.57

Елімізде ана өлімі азайды

Көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырыла бастаған
egemen.kz
Фото: egemen.kz 24.01.2023 22:20 276

2022 жылы елімізде ана мен бала өлімі едәуір қысқарды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
Атап айтқанда, ана өлімі 3,2 есеге азайған, ал нәресте өлімінің деңгейі пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырыла бастады.

2021 жылмен салыстырғанда 6,0%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіштерге бірқатар бағыттар бойынша қабылданған кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілді. Сонымен, босануға дейінгі бақылаумен қамту күшейтілді, ол 99,2%-ды құрады, жүкті әйелдерді 12 аптаға дейін ерте қамту 5%-ға өсті және 89,5% -ды құрады, пренаталдық ультрадыбыстық скринингпен қамту 5%-ға, биохимиялық скринингпен қамту 10%-ға ұлғайды, сондай-ақ балаларды 1 жасқа дейін проактивті бақылаумен және скринингпен қамту 81%-ға дейін ұлғайды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Былтыр ғылыми және республикалық клиникалардың профессорларымен және жетекші бейінді мамандарымен бірлесіп жүктілік және босану ағымы асқынған 910 әйелге 1391 медициналық қызмет көрсетілді. Санитариялық авиация 200 ұшу орындады; 21 әйелге операция жасалды, ауыр жағдайда 180 пациент облыстық және республикалық клиникаларға жеткізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр жағдайдағы әйелдердің 1237 немесе 96% құтқарылды.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар