Жаңалықтар

Елімізде алғаш рет эндоваскулярлық митралды қақпақшаны имплантаттау операциясы жасалды

Елімізде алғаш рет эндоваскулярлық митралды қақпақшаны имплантаттау операциясы жасалды
Фото: gov.kz 20.07.2023 19:30 863

Ота кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Операцияны рентгеноперблоктың меңгерушісі Алексей Колесников, рентгенхирург Алматы Қалжанов, аритмологиялық қызметтің аға ординаторы Артур Әбдімомунов, кардиохирург Мақсат Жағаев Астана қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының докторы Абдурашид Мұсаевпен бірлесіп орындады. 

58 жастағы пациентте жүре пайда болған жүрек ақауы, митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы анықталды. 3 жыл бұрын ол миокард инфарктісімен ауырған. Митралды қақпақшаның пластикасы, мамарокоронарлық және аортокоронарлық аутовенозды шунттау жүргізілді.

Тиісті әсер болмағандықтан, оған митралды  қақпақшаны транскатетерлік имплантаттау (TMVI) ұсынылды. Ол стандартты «ашық» араласу жоғары хирургиялық қауіптермен байланысты болған жағдайда қолданылады.

Біздің клиникада соңғы 3 жылдың  ішінде қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық имплантаттау (TAVI) бойынша жоғары технологиялық кардиологиялық операциялар, техникалық жағынан озық және күрделі операциялардың бірі болып табылатын митралды қақпақшаны транскатетерлік имплантациялау (TMVI) сәтті жүргізілуде, біз алғаш рет жүргізіп отырмыз»,-дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Пашимов.

«Біз Астана қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының басшылығы мен докторларына қолдау көрсеткені үшін ризамыз.  Біз олармен ел халқына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірибе, инновациялар және технологиялар алмасу бойынша ынтымақтастық орнаттық», - деп бөлісті ҒЗИ бірінші басшысы.

Митралды қақпақшаны протездеу митралды стенозды емдеудің негізгі әдісі болып табылады - жүректің сол жақ жүрекшесінен сол жақ қарыншаға қан ағынын қиындататын митралды қақпақшаның саңылауын  ішінара тарылту. Сондай-ақ, имплантаттау көрсеткіштері митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі болуы мүмкін, бұл кезде қақпақша қанның кері өтуіне мүмкіндік береді.

Рентгеноблоктың меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, митралды қақпақшаның эндоваскулярлық протездеуі дәстүрлі хирургиялық ақауларды түзету кезінде өлім қаупі жоғары митралды стенозбен ауыратын пациенттерді  хирургиялық емдеудің оңтайлы түрі болып табылады. Бұл операция ауыр қосалқы аурулардан зардап шегетін митралды кемістіктері бар пациенттерге  көрсетілген: қан тамырларының зақымдануы, өкпенің, бауырдың созылмалы аурулары, эндокриндік патология, онкология.

Бұл жағдайда митралды қақпақшаны ауыстыру жасанды қанайналым  мен жалпы анестезиясыз рентгендік бақылаумен сан венасын тесу арқылы үлкен хирургиялық кесулерсіз орындалады. Бұл технологияның артықшылықтарының бірі - стернотомияның жанама әсерлерін азайту (төс сүйегінің диссекциясы): қан жоғалту, пациенттің ауруханада болған кездегі ауырсыну синдромының қарқындылығы, операциядан кейінгі тігіспен байланысты инфекция қаупі. Эндоваскулярлық технологияны қолдану пациенттердің оңалту кезеңін айтарлықтай қысқартады. Қазір пациент өзін жақсы сезінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға