Жаңалықтар

Елімізде әлеуметтік нысандардың құрылысына 3,6 трлн теңге бөлінеді

Елімізде әлеуметтік нысандардың құрылысына 3,6 трлн теңге бөлінеді
Фото: t.me/KZgovernment 29.08.2023 10:32 590

«Жайлы мектеп» және «Ауыл денсаулығын жаңғырту» ұлттық жобалары аясында бірқатар әлеуметтік нысан құрылысына 3,6 трлн теңге қаржы бөлінеді.

Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қаражат келесі жылы әлеуметтік және маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Яғни жолдарды, жылу, газ, сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғырту үшін жұмсалады. 2024 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,6% деңгейінде болжанады. Ол 2026 жылға қарай біртіндеп 2,3% дейін төмендейтін болады, - деді министр.

Министр бұл жобалар Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларына және «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы міндеттерге сәйкес келетінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға