Жаңалықтар

Елімізде Әкелер күні тұңғыш рет ұлттық деңгейде тойланып жатыр

Елімізде Әкелер күні тұңғыш рет ұлттық деңгейде тойланып жатыр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 18.06.2023 17:35 9423

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мереке еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту үшін аталып өтетін «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелері елімізде де ресми мереке ретінде белгіленді. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі. Атаулы толықтырулар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне ҚР Үкіметі қаулысымен енгізілді. Бұл жөнінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты.

Елімізде Әкелер күні тұңғыш рет ұлттық деңгейде тойланып жатыр

Қоғам отбасынан бастау алады. Қазіргі уақытта мерекелік күндердің тізбесінде отбасы күні жыл сайын атап өтіледі. Дегенмен ата-аналардың мәртебесін көтеру үшін ана мен әке статусына ерекше көңіл аударғанымыз жөн, – деді министр аталған күндердің мән-маңызы туралы.

Осы күндердің символы ретінде халқымызда киелі саналатын ақ кимешек, ақ орамал, жеті ата ұғымдарын жандандыру ұсынылды. Мереке күндерінде балалары анасына кимешек кигізіп, ақ орамал тарту етсе, әкелеріне жеті ата есімі жазылған қол еңбектерін сыйға беріп қуанта алады және ата-бабаға тағзым жасайды. Бұл ұсынымның да маңызы зор. Себебі өскелең ұрпақ ананың, ақ орамалдың киесін ұғынып, шежірені білу арқылы шыққан тегін, тарихын зерттеуге ынталанады.

Елімізде Әкелер күні тұңғыш рет ұлттық деңгейде тойланып жатыр

Біраз жылдан бері халықаралық деңгейде тойланып келеді. Бірақ біздің елімізде бұл мереке бірінші рет тойланып отыр. Отан отбасынан басталады. Осы отбасының тірегі – отағасы. Бүгін елге қалқан болған, жұртқа пана болған әкелеріміз келіп отыр. Қиын-қыстау кезеңде халықты қорғаған ел ағалары келіп отыр. Әкелеріміз мықты болғандықтан, бізге осынау ұлан-ғайыр жер бұйырды, - дейді ведомство басшысы.

Елімізде жаңадан қабылданған аналар және әкелер күндері жыл сайын тойланатын жаңа жыл және туған күндермен бірге жанұя мүшелері бас қосатын отбасылық мерекелердің қатарын арттырады деп күтілуде.

Елімізде Әкелер күні тұңғыш рет ұлттық деңгейде тойланып жатыр

 «Әке, ата ұғымы біз үшін киелі, қасиетті. Сондықтан атажұрт дейді, атамекен дейді. Туған жер атаның, әкенің атымен тікелей байланысты.

«Мен бүгін әкемді ойланып толғанамын» деп ақындар талай жыр жазған. Біз де алғаш рет қолымызға қалам ұстағанннан әкемізге арнап «Сағыныш» деген жыр жаздық, - деді Дархан Қыдырәлі.

Елімізде Әкелер күні тұңғыш рет ұлттық деңгейде тойланып жатыр

Сондай-ақ ол жас ұрпақтың бойында әкеге деген махаббат пен құрмет болу керек екенін айтты.

Мерекелік күндердің тізбесіне «Әкелер күні» мерекесін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар, - деп мәлім етті министр.

Статистикалық мәліметтерге зер салсақ, мұндай мерекенің қажет екеніне көз жеткіземіз. Қазақстанда мектеп жасына толмаған балалардың күтімі мен тәрбиесіне әкелердің тек 6,6% ғана қатысады. Бұл туралы министр де айтты.

Елімізде Әкелер күні тұңғыш рет ұлттық деңгейде тойланып жатыр

Бізде өкінішке қарай әкелер балалармен көп уақыт өткізбейді. Балаларды мектепке апару, олармен сабақ оқу көбінесе аналарымыздың мойнында. Сондықтан осы әкелерді ардақтау арқылы әкелердің жауапкершілігін арттыруды көздеп отырмыз, - деді ол.

Оның сөзінше, балалардың әкелеріне арнап арнаулар жазып жатқаны әкелердің жауапкершілігін арттыруға өз әсерін тигізеді.

Отбасына әкелер көбірек көңіл бөледі деген сенімдеміз. Өйткені отбасында әкелердің атқаратын рөлі зор. Өкінішке қарай, соңғы жылдары жалпы отбасыда кикілжіңдер көп, ажырасулар саны азаймай тұр. Балаларымыз әкесіз қалмасын. Әрбір перзент өзінің әкесімен мақстансын! Әкелер күні құтты болсын!, - деді ол.

Әкелер одағы төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбеттің айтуынша, елімізде 80 мыңнан астам жалғызбасты әкелер бар екенін айтты. Сондай-ақ ол өз ұсыныстарымен бөлісті.

Елімізде Әкелер күні тұңғыш рет ұлттық деңгейде тойланып жатыр

Балалардың әл-ауқаты индексін енгізуіміз керек. Алимент төлемей жүрген қаншама әке бар. Бір жыл алимент төлемесе, бала бір жыл бойы не киімсіз, не тамақсыз жүреді деген сөз. Біздің ұсынысымыз – әл-ауқат индексі болса, мемлекет балаларға көмектеседі. Немесе алименттік қор құру керек. Отбасы ажырасып жүрген кезде оған мемлекет көмектесіп, кейін ол ақшаны әкелерден қайтарып алу керек, - дейді ол.

Бүкіл әлемде ер адамдар балалар күтімімен және үй шаруасымен күннен күнге көбірек айналысуда. Алға даму байқалады, алайда өзгерістер өте баяу жүзеге асуда. 1997 жыл мен 2012 жылдар арасында әйелдер мен еркектердің үй жұмысымен айналысуға бөлетін уақытындағы айырмашылық күнделікті тек жеті минутқа қысқарған. Әйелдер үйден тыс уақытта ер адамдармен бірдей уақыт жұмыс істегенде де, бұл теңсіздік сақталады. Бүгінгі күні Қазақстандағы әйелдер ер адамдармен салыстырғанда үй жұмысына екі есе көп уақыт жұмсайды. Сонымен қатар, қазақстандық әйелдердің 66% үйден тыс жұмыс істейді. Салыстыратын болсақ, еңбек нарығындағы ерлер үлесі тек 11% ғана артық және жалпы 77% құрайды.

Елімізде Әкелер күні тұңғыш рет ұлттық деңгейде тойланып жатыр

Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ләззат Сүлейменованың айтуынша, бұл мерекенің қоғам үшін пайдас зор.

Ең алдымен ұлттық комисссия осы ұсынысты Әкелер одағы құрылған сәттен бастап қолдап келе жатыр. Әкелердің қоғамдағы абыройы төмендеп кетті. Оның себептері көп. Қоғамда әкелердің мықты болуы қоғамның мықты болуының негізі. Қазіргі уақытта материалдық жағдайға көп көңіл бөлініп кетті. Әке – баланың қорғаны. Баланың өмірінде қиындықтар болса, оған сенім ұялататын – әке. Біз аналар кейде эмоцияға берілеміз. Әке шығу жолын көрсетеді. Әкесі бар бал тұрақты болып өседі. Менің әкем бар деп,- дейді ол.

Елімізде Әкелер күні тұңғыш рет ұлттық деңгейде тойланып жатыр

Әкелер күні маусымда үшінші жексенбіде әкелерді тойлау және құрметтеу үшін әлем елдерінде бұрыннан тойланады. Бүл меркені тойлау туралы Вашингтон штатындағы Сонора Смарт Додд ұсынған. Әкелер күнін ресми түрде өткізу 1913 жылдан бастап, әкелердің күнін ұлттық деңгейде тану үшін заң жобалары съезге жіберілді.

1916 жылы Президент Вудро Уилсон Әкелер күнін ресми түрде өткізуді ұсынды, бірақ Конгресстің қолдауына ие болмады. 1924 жылы Президент Кальвин Кулидж Әкесі Күнін ұстануды ұсынды, бірақ ұлттық жариялауға дейін бармады.

Елімізде Әкелер күні тұңғыш рет ұлттық деңгейде тойланып жатыр

1957 жылы Мэнден келген сенатор Маргарет Чейз Смит Конгрессті 40 жыл бойы әкелерді елемей, айыптап, аналарды ғана құрметтейтінін жазған. 1966 жылы президент Линдон Джонсон президенттік жарлыққа қол қойды, ол маусымның үшінші жексенбісін өткізді.

1972 жылы Президент Ричард Никсон Әкелер күні АҚШ үшін ұлттық мерекеге айналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға