Жаңалықтар

Елімізде Әкелер күні тойланып жатыр

Елімізде Әкелер күні тойланып жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 16.06.2024 12:14 437

Қазақстанда Әкелер күні аталып өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы енгізілген бұл мереке елімізде отбасы құндылықтарын насихаттап, әкелер институтын нығайтуда маңызды қадам болды. Бала тәрбиесінде қашанда әкенің рөлі өте зор және мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі де – осы.

Бүгінде «Әкелер одағының» еліміздің 12 өңірінде филиалы жұмыс істейді. Сондай-ақ Астананың әр мектебінде арнайы өкілдігі бар. Олардың балаларды қолдауға және денсаулығын нығайтуға бағытталған ЮНИСЕФ жобаларына қатысуы қоғамға шынайы қызмет етудің жарқын үлгісі.

Осы күзде IX Республикалық Әкелер форумы өтеді. Бұл іс-шара Қазақстандағы әкелер институтының дамуы мен отбасы саясатының өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналады деп сенеміз.

Барлық әкелерді бүгінгі тамаша мерекемен құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке тілейміз! - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға