Жаңалықтар

Елімізде АЭС қай ауданға салынатыны анықталды

Елімізде АЭС қай ауданға салынатыны анықталды
Фото: © Pixabay.com 17.08.2023 11:18 643

Қазақстанда атом электр станциясының қуаты мен құрылыс ауданын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды.

Оқи отырыңыз:

Елдегі алғашқы атом электр станциясы үшін ұқсас станцияны салу және сәтті пайдалану тәжірибесінде тексерілген технологияны таңдау ұсынылады. Министрлік осыған байланысты ядролық технологиялардың мынадай әлеуетті жеткізушілерінен тұратын компаниялар тізімін жасаған.

  • HPR-1000 қытай компаниясы – CNNC;
  • APR-1400 реакторы бар корей компаниясы – KHNP;
  • ВВЭР-1200 және ВВЭР-1000 реакторлары бар Ресей компаниясы – Росатом;
  • EPR-1200 реакторы бар француз компаниясы – EDF.

Зерттеу нәтижесі 2022 жылғы мамырда атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды және мақұлданды.

«Атом энергиясын пайдалану туралы» ҚР заңының 12-бабына сәйкес ядролық қондырғыларды салу және салу ауданы туралы шешімді аумағында қондырғы салу жоспарланып отырған жергілікті өкілді органдардың келісімімен ҚР Үкіметі қабылдайды. Бұл ретте мәслихат жергілікті өкілді орган болып есептеледі, - делінген мәліметте.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 2022 жылғы қарашада Алматы облысы мәслихатының кезекті сессиясында аудан тұрғындарын қолдау шартымен құрылысқа келісім беру туралы шешім қабылданды.

Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша қоғамдық тыңдау 22 тамызға белгіленді. Тыңдау Алматы облысының Үлкен ауылындағы (Жамбыл ауданы) мектеп ғимаратында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға