Биыл қаңтар айынан бастап Ұлттық сараптама орталығында секвенирлеу әдісімен қызылшаны анықтауға 270 зерттеу жүргізілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Сараптама барысында 82 сынама оң нәтиже берді. Зерттеулердің анағұрлым көп саны Алматы қаласында, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілді. Қазіргі уақытта ҰСО-ның барлық филиалдары қызылшаны анықтауға арналған тест-жүйемен қамтамасыз етілген.
Қызылша – бұл жоғары температура, интоксикация, жөтел, мұрыннан су ағу, конъюнктивит және бөртпе түрінде көрінетін жіті вирустық ауру. Вирус ауа арқылы әрі ұзақ қашықтыққа да оңай тарайды.
Қызылшаның алдын алудың жолы – вакцинация. Міндетті түрде дезинфекция жасалуы тиіс, үй-жайды желдету, дымқыл тазалау, басқа (науқас емес) адамдармен байланыстың болмауы.
Елімізде 82 адамнан қызылша ауруы анықталды
Оқи отырыңыз
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?