Жаңалықтар

Елімізде 6,8 мың түлек «Алтын белгіге» үміткер

Елімізде 6,8 мың түлек «Алтын белгіге» үміткер
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 25.05.2023 09:29 764

Биыл елімізде 172 мың түлек мектеп бітіреді. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу жылы Қазақстан мектептерінің 3,7 млн-нан астам оқушысы үшін аяқталады. 11 сыныпты 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлердің саны – 6,8 мың оқушы. 

Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған. Аттестаттарды салтанатты табыстау 20-22 маусым аралығында өтеді, – деді министр.

Қорытынды емтихандар 9 сыныптарда 2-13 маусым аралығында 4 пәннен , ал 11 сынып түлектері үшін маусымның 5-19 аралығында 5 пәннен өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға