Жаңалықтар

Елімізде 6,8 млн бала бар

Елімізде 6,8 млн бала бар
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 30.05.2024 13:47 644

Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай Қазақстандағы балалар саны 8 миллионға артады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Комитет төрағасының сөзінше, елімізде 7 мыңнан астам мектепте 3,8 млн бала білім алады. Осы саладағы негізгі мәселе орын тапшылығы, үш ауысымдылық және мектептердің апаттылығы болып отыр.

Оны шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Жоба толық жүзеге асқан сәтте жоғарыда аталған мәселелер толық шешімін табады. Бұл шаралар балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, - деп атап өтті Насымжан Оспанова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға