Жаңалықтар

Елімізде 2,4 млн гектар жерден дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналған

Елімізде 2,4 млн гектар жерден дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналған
Фото: © El.kz 22.08.2023 10:25 708

Өңірлерде егін жинау науқаны басталды. Бүгінде 2,4 млн гектар жерден дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналған. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 14,1 пайызын құрайды. Орташа өнімділігі гектарына 11,5 центнер болып, 2,8 млн тонна астық бастырылған.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын жалпы алаң 24,0 млн га құрайды (бұл 2022 жылмен салыстырғанда 651,8 мың гектарға көп). Оның 17,4 млн гектарынан дәнді дақылдар жиналады. Егер дақылдар бөлінісінде, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар дақылдар бөлінісінде қарайтын болсақ, бидай жиналатын алаң 13,7 млн гектарды құрайды, оның ішінде 1,5 млн гектардан астық жиналды, өнімділігі гектарына 11,8 центнер болып, 1,8 млн тонна астық бастырылды, - деді Ербол Қарашөкеев.

2 799,5 мың гектардан майлы дақылдар жиналуы тиіс, бүгінде өнімділігі гектарына 6,9 центнер болып, 34,0 мың гектардан жиналғанын атап өтті.

Картоп 188,3 мың га алаңнан жиналуы тиіс, өнімділігі гектарына 208,9 центнер болып, 458 мың тонна жиналды. Көкөністер жиналатын алаң 164,8 мың га құрайды, өнімділігі гектарына 216,3 центнер болып, 1,5 млн тонна жиналды, - деді ауыл шаруашылығы министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға