Жаңалықтар

Елімізде 2 мыңнан аса адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Елімізде 2 мыңнан аса адам коронавирустан ем қабылдап жатыр
Фото: gov.kz 17.01.2023 09:07 549

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 53 адам жұқтырған, ал коронавирус пневмониясы 7 қазақстанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 051 адам коронавирус инфекциясынан (–1 899+ және 152 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 193 пациент стационарда, 1 858 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 10 адамның жағдайы ауыр,

• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға