Жаңалықтар

Елімізде 2 миллионнан астам адамға тұмауға қарсы вакцина егілді

Елімізде 2 миллионнан астам адамға тұмауға қарсы вакцина егілді
Фото: © ОКҚ 29.11.2023 15:40 752

Осы жылы елімізде 10 айдың ішінде 21 инфекциялық ауру, оның ішінде оба, тырысқақ, сүзек, құтыру ауруы тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Былтырғы жылмен салыстырғанда 39 инфекциялық ауру бойынша сырқаттану деңгейі төмендеді. Оның ішінде ковид инфекциясымен 37 есе, бактериялық дизентерия, риккетсиоз 2 есе, ботулизм ауруымен 50 пайыз, ротавирустық инфекциямен 26 пайыз және басқа да аурулардың төмендеуі байқалады, - деді министр.

Ажар Ғиниятқызының айтуынша, эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері жіті респираторлық вирустық инфекцияның 1 миллион 370 мың жағдайы тіркелген. Оның ішінде бұл аурумен ауырғандардың 66 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 пайызға төмен. Қараша айынан бастап тұмау ауруы тіркелуде. Расталған жағдайларға қарасақ, олардың 30 пайызы балалар, сондай-ақ былтырғыдай тұмаудың А және В түрі байқалады. Былтырға қарағанда 8,1 пайызға азайды. Тұмауға қарсы вакцинациялау компаниясы аяқталды, 2 миллион 400 мың адам егілді, бұл жалпы халықтың 12 пайызын құрайды, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға