Жаңалықтар

Елімізде 12 жаңа перинаталдық орталық салынады - Ақмарал Әлназарова

Елімізде 12 жаңа перинаталдық орталық салынады - Ақмарал Әлназарова
Фото: Facebook / Ақмарал Әлназарова 20.12.2023 11:39 707

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2023 жылы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін Мемлекет басшысы тапсырмасымен елімізде 78 денсаулық сақтау нысаны салынды, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде – 47, сондай – ақ 80 нысан жөнделді. Бүгінгі таңда медициналық нысандарға тапшылықты жою үшін 12 жаңа перинаталдық орталықтар құрлысы жоспарлануда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде елімізде 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілді, - деп жазды Сенат депутаты.

Сенат қабырғасында Денсаулық сақтау саласы бойынша, мемлекеттердің дәрілік заттардың ортақ нарығын іске қосу және толыққанды жұмыс істеуі үшін екі хаттама ратификацияланды.

Фармацевтикалық компаниялармен оффтейк-келісімшарттар жасасу тетігін бекіту үшін отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттарды 3 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жөнінде нормалар енгізілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Премьер-Министр атына депутаттық сауал жолданып, медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттіктік білім беру тапсырысының құны ұлғайтылды, - дейді депутат.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Республикалық бюджетті қарау барысында клиникалық хаттамаларды сараптау және әзірлеуге қосымша қаражат қарастырды.

Денсаулық сақтау саласында бюджетті тиімді пайдалану мақсатында, сатып алуға қарастырылған соммалардың артық шығындары қайта есептелді. Алдағы уақытта Парламент жұмысы барысында Денсаулық сақтау саласындағы түйіткіл мәселелерді одан әрі көтеріп, ұлт саулығының артуына жұмысымызды жалғастырамыз, - деп жазды Ақмарал Әлназарова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға