Жаңалықтар

Елімізде 10 мыңға жуық адам қатты ластанған атмосфера аймағында тұрады – сенатор

Елімізде 10 мыңға жуық адам қатты ластанған атмосфера аймағында тұрады – сенатор
Фото: senate.parlam.kz 18.01.2024 17:50 1140

Сенат отырысында осылай деген депутат Ольга Булавкина жабылып қалған кеніштің проблемалары туралы айтып, ауаны ластап жатқан мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысындағы Белоусов кеніші 200 жылға жуық уақыт бойы игеріліп келеді. Қазіргі кезде 10 мың адам қатты ластанған атмосфера аймағында өмір сүріп жатыр.

Ауыр металмен ластанған Глубочанка өзеніндегі заттардың орташа мөлшері 137%-ды, өлшенген заттар 103%-ды құрайды. Топырақта да ластаушы заттар жиналып қалған, бұл адамдардың денсаулығы мен өсімдіктер әлеміне теріс әсер етеді. «Қазақмыс» компаниясы Белоусов кенішіндегі шахталарға су толтырып, жоюды жоспарлап отырған көрінеді. Экология министрлігі шахтада әлі 12 жыл бойы өндіруге жеткілікті қор бар екенін анықтағанына қарамастан осындай шара жүзеге асқалы оты, – деді сенатор.

Сенатор 2023 жылы өткен қоғамдық тыңдауларда жергілікті тұрғындар шахталарға су толтыру нәтижесінде топырақ құлап, құрбандар болуы мүмкін екендігіне наразылық білдіргенін атап өтті.

Шынында да, бұл ауыл тау-кен үңгірінің үстінде орналасқан. Опырылудан басқа, шахталарға су толтыру барысында шахтадағы лас ауа жер бетіне лықсып шығатын болады. Бірнеше ондаған жылдарда тұрғын үйлердің жертөлесіне метан мен көмірқышқыл газы жиналады. Бұл халықтың денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Ластанған жер асты суы өз кезегінде ауыл шаруашылығына орны толмас зиян келтірілетін болады, – деді Ольга Булавкина.

Сенатор осыған байланысты Үкіметке Белоусов кен орнын жою жобасына өнеркәсіп қауіпсіздігі сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптама жасауды ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға