Жаңалықтар

Елімізде 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Елімізде 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 27.05.2024 17:04 350

Қазақстанда 2024 жылғы 1 шілдеден темекі өнімдерінің бағасын 770 теңгеден (2024 жылға бекітілген баға) 820 теңгеге өсіру жоспарланды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қаржы министрлігінің бұйрығына енгізілетін өзгертулерден белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фильтрлі, фильтрсіз 20 сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 820 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаcы белгіленсін, – делінген Қаржы министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Ал 2025 жылдан бастап баға тағы 50 теңгеге көтеріліп, 870 теңге болады.

Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне салық жүктемесі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға ұлғайған. 

«Атамекен» ҰКП 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда бағаны көтеру ұсынды, – делінген құжат жобасында.

Аталған құжат жобасы 10 маусымға дейін қоғам талқысына ұсынылған. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға